ЕМДІК ТАҒАМДАР

lat: EMDİK TAǴAMDAR

емдік тағамдар басқа да емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу үшіл пайдаланылады. Емдіктағамдар белгілеудің негізгі принциптері болып тағам рационы, тамақ ішу режімі, тамақты кулинарлық өңдеу тәсілдері және т.б. есептелінеді. Емдік тамақтану дәрігерлер кеңесі бойынша және оның бақылауымен жүргізіледі. Кейбір ауруларға берілетін емдік тағамдар әр түрлі болады. Кейінгі кезде емдік ашығу тәсілдерімен кейбір ауруларды емдеуге болатыны анықталынуда. Бұлай ашығу тек дәрігерлер көмегімен және бақылауымен жүргізілуі керек.